Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ресейліктер бүкіл сәуір бойына жұмыс істемейді

МӘСКЕУ. 3 сәуір. Ресей президенті России Владимир Путин бүкіл сәуір айын «жұмыс істемейтін уақыт» деп жариялады. Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.

Шешім жаңа коронавируспен күресті күшейту мақсатында қабылданды.

Осыған байланысты Владимир Путин ұлтқа тиісті үндеу жариялады. Ол телеарналар арқылы трансляция жасалды.

Мемлекет басшысы әлемде эпидемияның шыңы әлі жетпегенін, соның ішінде Ресейде де сырқаттың ең шарықтайтын уақыты болмағанын атап өтті.

Путин егер жағдай мүмкіндік беріп жатса, ақысы төленетін мұндай жұмыссыз күндердің санына түзету енгізіліп, қысқартылатынын да айтты.

Ресей лидері 25 наурызда ел азаматтарын алдында сөйлеген еді. Сонда ол ресейліктерді үйден шықпай отыруға шақырды. Ал 30 наурыздан 5 сәуірге дейін бүкіл елде жұмыссыз апта жариялады. Енді сол жұмыссыз уақытты айдың соңына дейін созып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button