Римнің қаңыраған көшелері жабайы аң-құсқа толды
РИМ. 3 сәуір. Италияның астанасы – Рим қаласының адамдардан босап қалған көшелері жабайы аң-құстарға толып кетті. Бұл туралы итальянның La Repubblica газеті жазды.
«Мәңгі қаланың» тарихи орталығындағы қаңырап тұрған алаңдар мен көшелерге бұрын қаптаған туристер тобырынан қашып, тығылып қалған жабайы аң-құстар топырлар шыға бастады.
«Қазір көне Римнің қираған қабырғалары маңында адамдар жоқ, есесіне бұл маңда түлкілер, жайралар, қояндар мен кірпілер көптеп кездеседі», деп атап көрсетті басылым.
Анықталғанындай, Палатин төбешігіндегі қалың қамыс арасында пестицидтің жоқтығы, пана болар жердің табылатыны және қаланың жақындығынан тамақ табудың оңайлығы мұнда келіп мекен етуші жабайы аң-құстарға ұнайды екен.
Төбешіктің төбесінде тұратын құстар арасында қырғауылдар, тотықұстар, тоқылдақтар бар. Жәндіктер арасынан шамамен 60 мың жабайы араның ұялары тұр. Сол сияқты Рим көшелерінен жабайы қабандарды, ал субұрқақтар жанынан үйректерді көруге болады.