Қазақстанда «тентек тұмау» жұқтырғандар саны 444 болды
АСТАНА. 3 сәуір. Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 444-ке жетті. . Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Өткен тәуліктің ішінде COVID-19 кеселіне ұшыраған тағы 9 адамның дерегі анықталды
Астана уақытымен бүгін сағат 09:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысынан – 3, Түркістан облысынан – 3, Ақтөбе облысынан – 2, Атырау облысынан 1 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.
Республика бойынша қазір 444 адам коронавирус дерегі тіркеліп отыр. Олардың аймақтардағы үлесі мынадай:
Астана қаласында – 199, Алматы қаласында – 91, Қызылорда облысында – 26, Қарағанды облысында – 21, Атырау облысында – 20, Ақмола облысында – 19, Түркістан облысында – 14, Солтүстік Қазақстан облысында – 14, Шымкент қаласында – 11, Алматы облысында – 9, Ақтөбе облысында – 7, Жамбыл облысында – 6, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 адам.
Жазылып шыққандар – 27, қайтыс болғандар – 3 (Астана қаласы, Ақмола облысы, Қарағанда облысы).