Жаңалықтар жаңғырығыТаным

 «Огонёк» журналының бұрынғы даңқты бас редакторы қайтыс болды

МӘСКЕУ. 30 қыркүйек. Белгілі ақын, «Огонёк» журналының бұрынғы бас редакторы Виталий Коротич 89 жасында өмірден өтті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украин-кеңес ақын-жазушысы, публицист, қоғам қайраткері Виталий Коротич Мәскеуде бақиға аттанды. Танымал қайраткердің қайтыс болғанын украиналық журналист Дмитрий Гордон мен ресейлік тарихшы Виктор Мироненко жеткізді.

Виталий Алексеевич Коротич 1936 жылы 24 мамырда Киевте туған.  Киев медицина институтын үздік бітіріп, кардиолог дәрігер болған, кандидаттық диссертация қорғаған, бірақ кейін өз орнын әдебиеттен тапты. 1960-1980 жылдар аралығында оның тоғыз поэзиялық жинағы мен үш өлеңі жарық көрді. Оның «Ескі лирашының соңғы өтініші» поэмасы халық арасында кеңінен танылды. Орыс тіліне ақын Юна Мориц аударған туынды бард Татьяна және Сергей Никитиннің «Мені Майдан арқылы тасымалдау» әнінің мәтіні ретінде танылды.

1966-1969 жылдары Коротич Украина КСР Жазушылар одағының хатшыларының бірі болды, ал 1978 жылы шетел жазушыларының шығармаларын басып шығаратын «Всесвит» журналына жетекшілік етті.

Коротич СОКП бас хатшысы Михаил Горбачев қалға алған реформа – «Қайта құрудың» басында, 1986 жылы мамырда «Огонёк» журналының бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметке белгілі ақын Роберт Рождественский мен саясаткер Александр Яковлевтің ұсынысымен келді. Содан бір жыл бұрын ол «Жеккөрушіліктің жүзі» деген поэмасы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған еді. Осы тұста аталмыш мәтбұғат қоғамда зор мәртебе мен беделге ие болды, бұған дейін ақтаңдақ қалып ұстап, жабық тақырып болып келген көптеген тарихи оқиғалар мен құнды құпия құжаттарды жалғанның жарығына шығарды. Әсіресе, сталиндік қуғын-сүргін туралы шындықты ашуда «Огонёк» үлкен рөл атқарды. Журнал сол жылдары адамдардың санасына әлдеқайдан бір құйылып түскен жарық сәуле секілді әсер етті. Журналдың таралымы сол уақытта үш есеге өсіп, 4 млн данаға дейін жетті.

Коротич 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін «Огонёктың» бас редакторы қызметінен кетті. Ол Киевке оралғанға дейін бірнеше жыл АҚШ-та тұрып, сонда сабақ берді. «Бульвар Гордона» газетінің редакциясын басқарды. Ол өмірінің соңғы жылдарын Мәскеуде өткерді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button