«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчындағы құрамдар белгілі болды

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда ойналатын жергілікті «Қайрат» пен Мадридтің «Реалы» арасындағы матчтың сөрелік құрамы айтылып жатыр. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Flashscore спорт порталы Чемпиондар лигасының екінші турындағы Алматының «Қайраты» мен Мадридтің «Реалы» арасындағы матчтың ықтимал құрамдарын жариялады.
Ресурстың өз мәнбелеріне сілтеме жасап, жариялаған ықтимал құрамдары мынадай:
«Қайрат»: Шерхан Қалмырза – Луиш Мата, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов – Офри Арад, Дамир Касаболат, Валерий Громыко, Александр Мрынский – Жоржиньо, Дастан Сәтбаев.
«Реал»: Тибо Куртуа – Фран Гарсиа, Рауль Асенсио, Давид Алаба, Федерико Вальверде – Джуд Беллингем, Эдуардо Каммавинга, Дани Себальос – Родриго Гоес, Килиан Мбаппе, Брахим Диас.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын бүгін, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ол Астана уақытымен 21:35-те басталады және Qazaqstan және QazSport телеарналары арқылы көрсетіледі.
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бірінші турында «Қайрат» сырт алаңда Португалияның «Спортингінен» ұтылса (1:4), «Реал» өз алаңында француздың «Марселін» (2:1) жеңген болатын.






