Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Қайрат» – «Реал» матчы билеті 20 қыркүйекте сатылымға шығады

АСТАНА. 4 қыркүйек. «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» Алматыда өтетін ойынының билеті 20 қыркүйек күні сатуға шығарылады. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қайрат» футбол клубымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатқанын баяндады.

«Біздің деректеріміз бойынша, ойынға 10 күн қалғанда сатылым басталады. Егер матч 30-ы күні өтсе, шамамен 20 қыркүйек болады. Айта кетейін, тек ресми мәнбелерге ғана сеніңіздер. Билеттерді тек «Қайрат» клубының сайтынан немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан сатып алуға болады», – деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, Алматыгың «Қайраты» жақында өткен плей-офф кездесуінде Шотландияның «Селтик» (Глазго) командасын пенальти сериясынан ұтып, Чемпиондар лигасына негізгі топтық кезеңіне шыққан болатын. Ал жеребе қорытындысында алматылықтардың бірінші матчты 19 қыркүйекте Португалияның астанасы – Лиссабон қаласында жергілікті «Спортингпен» өткізіп, 30 қыркүйекте ойналатын екінші турда испанның «Реал Мадрид» клубын Алматыда қабылдайтыны мәлім етілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button