Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол: «Қайрат» өз алаңында «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді

АЛМАТЫ. 1 қазан. Өткен түнде Алматының «Қайраты» өз алаңында Мадрилтің «Реаоынан» 0:5 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы «Футбол на Куличках» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өз алаңында ойналған бірінші ойыны ол үшін табыс әкелген жоқ. Бірақ, қалай дегенде де, Алматыға 1956 жылы тағайындалған Чемпиондар лигасының 15 дүркін чемпионы атанған, оның да 1956-1960 жылдар аралығындағы алғашқы бес жылында бас жүлдесін ешкімге ұстатпаған Мадридтің «Реалының» келуі жергілікті жанкүйерлер үшін нағыз мерекеге айналды.

Бірден айтып қояйық, біздің ойымызша, Рафаэль Оразбақтиннің командасы әлем футболы алыбының алдында қалтырай кетпеді, қайта матчтың басында едәуір батыл ойнап, шабуылға бірінші болып шықты, осы тұста Дастан Сәтбаевтың баспен ұрған добы голкиперге туралап барды. Ал екінші бөлік басталған бойда біздің жігіттер кездесудегі таразы басын өзгертіп жіберетіндей мүмкіндікке де ие болды. Сондықтан үзіліске дейін ойынның бұлайша күйреу деңгейіне дейін барып қалуы ықтимал екені ешкімнің қаперіне кірмеді.

«Қайрат» бірінші таймда өз қақпасына бір доп қана өткізіп алды, онда да гол пенальтиден соғылды. Осымен бар-жоғы алаңға екінші мәрте шығып тұрған 18 жасар Шерхан Қалмырза өз айып алаңында бетпе-бет келіп қалған Франко Мастантуононы шалып құлатты. Осыған байланысты белгіленген онбірметрлік айып добын Килиан Мбаппе салды. Үзіліске шейін «Реал» бірнеше рет гол соғу ыңғайын жүзеге асыра алмай қалды. Оған біздің жас қақпашымыздың сіңірген еңбегі де аз емес.

Екінші таймның бас жағында «Қайрат» шабуылға тайлы-таяғымен үдере көшіп, қорғаныс шебін жалаңаш қалдырып қойды, Мұның жазасын да көп кешікпей тартты. Реалдықтар артынша жылдам қарсы шабуылға шығып, бірер сәттен кейін дегендеріне жетті. Бұл жолы дарбазашы Тибо Куртуадан қарсы бетте доп алған Мбаппе өзінің екінші голын енгізіп үлгерді.

Бұдан кейін Килиан тағы бір қарсы шабуылдың шырайында үшінші голын да салып кетті. Осы жерде айта кетейік, қонақтар бұдан кейінгі екі голын осындай шабуылдар кезінде соқты.

Соған дейін алаңдағы арбитр «Реал» қақпасына пенальти белгілеп тұрып, оны артынан қайтып алды. Ал бұл айып добын ол мадридтіктердің өз алаңында Громыканың шалып құлатуына байланысты тағайындаған еді. Алайда Var-ға жүгінген төреші бұл шешімінен айнып шыға келді. Осыдан кейін «Реалдың» күтпеген жерден табыстан табысқа жете беретін дәуірі туды.

«Қайрат» – «Реал» (Мадрид) 0:5 (0:1)

Алматы. Орталық стадион. 22 788 көрермен.

Арбитр: Марко Гуида (Италия).

«Қайрат»: Шерхан Қалмырза, Еркін Тапалов (Юг Станоев, 64), Александр Мартынович, Егор Сорокин, Луиш Мата, Александр Мрынский, Офри Арад (Олжас Байбек, 64), Дамир Қасаболат, Валерий Громыка (Георги Зария, 80), Жоржиньо (Эдмилсон Сантос, 64), Дастан Сәтбаев (Рикардиньо, 80).

«Реал»: Тибо Куртуа, Рауль Асенсио, Дин Хейсен, Давид Алаба, Фран Гарсия, Орельен Чуамени (Джуд Беллингем, 80), Дани Себальос, Франко Мастантуоно (Родриго, 70), Арда Гюлер (Эдуарду Камавинга, 80), Винисус Жуниор (Брам Диас, 70), Килиан Мбаппе (Гонсало Гарсия, 81).

Голдар: Килиан Мбаппе (25, пенальти, 52, 74). Эдуарду Камавинга (83). Браим Диас (90+3).

Ескертулер: Валерий Громыка (48), Офри Арад (55).

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button