АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Зеленський: Майдан шебі – келіссөздердің бастапқы нүктесі

БРЮССЕЛЬ. 17 тамыз. Аляскада өткен Трамп пен Путиннің саммитінен кейін Украина президенті Володимир Зеленський РФ-мен болуы ықтимал келіссөздің майдан шебінен бастау алатынын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Брюссельде 17 тамыз, жексенбі күні Украина президенті Володимир Зеленський Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Лейенмен кездесті.

Саясаткерлер «қалаулылар коалициясының» бейнеконференциясына қатысады.

«Бізге нақты келіссөздер қажет, яғни біз қазір әңгімені майдан шебі тұрған жерден бастай аламыз», – деп атап өтті Зеленський және еуропалық көшбасшылар бұл идеяны қолдайтынын айтты.

Украина басшысы Киевтің бітімгершілік келісімге келу үшін атысты тоқтату келісімін орнату керек деген ұстанымын растады, деп хабарлайды Reuters.

Еурокомиссия төрағасы өз кезегінде Украина қарулы күштері көмекті толық қабылдай алатынына сенім білдірді. «Украина қарулы күштері үшін ешқандай шектеулер болуы мүмкін емес: үшінші елдермен ынтымақтастық болсын, үшінші елдердің көмегі болсын. Украина қарулы күштері үшін шектеулер жоқ», – деп баяндады ЕК басшысы.

Урсула фон дер Лейен Трамптың Украинаға қауіпсіздік кепілдігі туралы ұсынысын қолдады. «Біз президент Трамптың Украинаға 5-бапқа (Солтүстік Атлантикалық келісім – ред.) ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін беруге үлес қосуға дайындығын құптаймыз және «қалаулылар коалициясы», оның ішінде Еуроодақ өз үлесін қосуға дайын», – деді саясаткер.

ЕК президенті сондай-ақ Украина мемлекетінің басшысымен бірге «қалаулылар коалициясының» бейнеконференциясына қатысатынын айтты. Оның құрамына, атап айтқанда, Германия, Ұлыбритания және Франция кіреді. Жалпы, топта 30-ға жуық штат бар.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button