Мерц пен Еуропа лидерлері Зеленський-Трамп кездесуіне қатысады

БЕРЛИН. 17 тамыз. Ертең Ақ үйде өтетін Трамп пен Зеленськийдің кездесуіне Еуропаның белді мемлекеттерінің лидерлері де қатысатын болды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Германия канцлері Фридрих Мерц, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен және басқа да еуропалық көшбасшылар 18 тамызда Уашингтонға Украина президенті Володимир Зеленський мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйде өтетін келіссөздеріне қатысу үшін келеді.
«Президент Зеленськийдің өтініші бойынша мен президент Трамппен және басқа еуропалық көшбасшылармен Ақ үйде өтетін кездесуге қатысамын», – деп жазды фон дер Лейен әлеуметтік желіде. Ол Уашингтонда тағы қандай еуропалық лидерлердің болатындарын нақтылай қоймады.
Бірнеше минуттан кейін Германияның Федералды баспасөз және ақпарат басқармасы Мерцтің басқа еуропалық көшбасшылар қатарында Зеленськиймен бірге Уашингтонға баратынын жеткізді. Бірақ олардың кімдер екенін айтылмады.
«Мерц бейбіт келіссөздердің барысын талқылайды және Германияның Украинада бітімгершілік келісімінің мүмкіндігінше тезірек жасалуына мүдделі екенін атап өтеді. Келіссөздер басқа нәрселермен қатар, Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін, территориялық мәселелерін және Ресейдің агрессиясынан қорғауда одан әрі қолдай беруді қамтиды. Бұған санкциялық қысымды қолдау кіреді», – деп баяндады Берлин.
Финляндия президенті Александр Стубб та 18 тамызда Ақ үйде өтетін келіссөзге қатысатынын X әлеуметтік желісінде жазды. Халықаралық агенттіктер Франция президенті Эммануэль Макрон мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте де Уашингтонға бару жоспарларын растағанын хабарлады. Бұлардың арасында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің болмауы мүмкін емес сияқты.
Бұған дейін Politico ақпарат көздеріне сілтеме жасап, еуропалық көшбасшылардың келіссөздердегі Зеленськийдің ұстанымын нығайту үшін АҚШ-қа баратынын хабарлаған. Politico жазғандай, бұл үшін Стубб пен Рютте таңдалған, өйткені олар АҚШ президентімен ерекше тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Порталдың хабарлауынша, Уашингтондағы еуропалық көшбасшылардың мақсаты «Трамп пен Зеленський арасында кез келген шиеленіске жол бермеу және АҚШ президентін Еуропаны одан әрі келіссөздерге қосуға сендіру болмақ». Еуропа мен Украина 18 тамыздағы саммитті «Трамптың Путин талаптарын қабылдамауын қамтамасыз етудің кілті» деп санайды.






