Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Трамп енді Путиннен Зеленськиймен кездесуді талап етіп отырған жоқ

УАШИНГТОН. 8 тамыз. АҚШ президенті енді Путин Зеленськиймен кездесуге уәде бермесе де, Ресеймен саммит өткізуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазір Ақ үй оның бүге-шігесін анықтап алып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей диктаторы Украина лидері Владимир Зеленськиймен кездеспесе де, РФ-мен саммит өткізе беруге дайын екенін айтты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт 7 тамыз, бейсенбі күні  кездесудің жай-жапсары тексеріліп жатқанын баяндады.

Трамптың түсіндірмесі Путиннің келесі аптада, – бәлкім, Біріккен Араб Әмірліктерінде болар, – АҚШ басшысымен жеке әңгімелесуге үміттенетіні туралы сөзінен кейін естілді.

Журналистің «Путиннің Зеленськиймен кездесуі Ресей лидерінің Трамппен келіссөзінің басты шарты бола бере ме?» деген сұрағына ол: «Жоқ, оған (Путин. – ред.) мұның (бұл үшін Украина басшысымен кездесу. – ред.) қажеті жоқ», – деп жауап берді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы 7 тамызда AP агенттігіне Путин Зеленськиймен жеке кездесуге келіспесе, АҚШ-Ресей саммиті өтпейтінін айтқан еді, бірақ кейінірек мұндай сценарийдің тек саммит өткізу ықтималдығын азайта беретініне тоқталды.

Ақ үйдің Путин үшін белгілеген 8 тамызға дейінгі мерзім туралы журналистер қойған сұраққа Трамп: «Бұл оның өзіне (Путин – ред.) байланысты. Оның не айтатынын көреміз. Өзіне байланысты. Одан қатты көңілім қалды», – деп жауап берді.

Америка басшысы соғыста сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың көптеп қаза тауып жатқанына қатысты: «Мен көп күткенді аса ұнатпаймын. Мен мұны масқара деп ойлаймын» (өлтірудің жалғасуы – ред.) деп жауап берлі.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұған дейін АҚШ президентінің өкілі Стивен Уиткофф 6 тамызда Кремльде өткен кездесуде Зеленьский, Путин және Трамптың үшжақты кездесуі идеясын айтқанын, бірақ «Ресей тарапы бұл нұсқаны толығымен, мүлде түсініктемесіз қалдырғанын» жеткізген. 7 тамызда Ресей президентінің өзі Зеленськиймен кездесуге «еш нәрсе кедергі болып тұрмағанын» атап өтті. «Бірақ бұл үшін белгілі бір жағдайлар жасалуы керек. Өкінішке орай, біз мұндай жағдай жасаудан әлі алыспыз», – деді Ресей басшысы.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button