ГФР архиві: Путин 1994 жылы Қырым мен Қазақстанға көз қадады

БЕРЛИН. 31 шілде. Германия мұрағатынан Путиннің 1994 жылы Қырым мен Қазақстанның бір бөлігін Ресейге қаратуды айтқанын айғақтайтын құжат табылды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Владимир Путин сонда Ресейдің Қырымға, Шығыс Украинаға және Солтүстік Қазақстанға аумақтық талаптары бар екенін айтқан болатын. Бұған Германияның Санкт-Петербургтегі бас консулы жарияланған жазба дәлел.
Мұның жайын 31 шілде, бейсенбі күні немістің Der Spiegel журналы Германия сыртқы істер министрлігінің мұрағат құжаттарына сілтеме жасай отырып баяндап берді.
2025 жылдың 21 шілдесінде «Германия Федеративтік Республикасының сыртқы саясаты туралы құжаттар» жинағының кезекті томы сатылымға шығарылды. Оны Мюнхендегі Қазіргі заманғы тарих институты басып шығарды. Жаңа том 1994 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған.
Кітаппен танысқан Der Spiegel журналистері құжаттардың бірінде ГФР-дың Санкт-Петербургтегі бас консулының жазбасы келтірілетінін жазады. Ол 1994 жылғы 14 қаңтарда Путиннің бұрын айтқан сөзін өзіне тағы қайталап бергенін атап көрсетеді,
Оның айтуынша, «Қырым, Шығыс Украина және Солтүстік Қазақстан – кемінде осы аймақтар – ешқашан Ресей үшін шетел болып көрмеген, барлық уақытта Ресей территориясының бір бөлігі болып саналған. Енді бұлардың қазір бөтен ел екенін бірде-бір орысқа түсіндіріп бере алмайсың» депті-міс Путин. Герман дипломаты оның сөздерін осы қалпында келтіріп берді.
Жазбаға сәйкес, Путин сонда орыстардың бұған қатысты «бәлки, немістердің түсінулері қиынға соғатын» әлдеқандай бір ұлттық сезімдері бар екенін атап өтіпті.
Путин бұдан әрі егер Украина мен Қазақстандағы орыстардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қанағаттанарлықтай болса, «ешқандай проблема» жоқ екенін айтыпты. Бірақ, Путиннің бағалауынша, ондағы ахуал дәл мұндай емес, сондықтан, оның айтуынша, Владимир Жириновский секілді ресейлік ұлтшылдар үшін бұл таптырмайтын тақырып болып тұр.
Неміс елшісінің сөзінше, Путинн Батыс елдері «Ресей империализмінің қайта жандануын тек Ресейдің амбициялық мүддесінен туып отыр деп қабылдаса, онда олардың біз жөніндегі ақпарларының дұрыс болмағаны» деп есептейді.
Владимир Путин 1994 жылы Петербургте Анатолий Собчактың қарамағында істейтін еді. Ол Мәскеуге қызметке содан кейін келді.
Суретте: Владимир Путин және Бундестаг президенті Вольфганг Тиерсе 2000 ж






