Нидерландта өткен НАТО саммиті Зеленськийді қалай қарсы алды?

ГААГА. 25 маусым. Еуропа делегаттары Украина президенті Володимир Зеленськийді зор құрметпен қол шапалақтап күтіп алды. Бұл туралы ВВС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Гаагадағы НАТО саммиті ресми түрде бұдан бірнеше сағат алдын қатысу елдер лидерлерінің кешкі асы мен өзара кездесулері салтында басталып кетсе де, делегаттар сейсенбіде күні бойы альянстың ахуалы, АҚШ-тың ондағы рөлі мен Украинаның келешегі жайлы өзара пікір алмасты. Киев делегациясы күткен уақытта келді. Еуропалық шенеуніктер Володимир Зеленськийді құрметті қонақ ретінде зор қошметпен күтіп алды, кешке АҚШ президенті Дональд Трамп ұшып жетті.

Ақ үй қожайынының Уашингтоннан ұшып шығар алдында журналистерге Солтүстік альянс жарғысындағы бесінші бапқа – ұжымдық қорғанысқа байланысты айтқан бүкпесіз сөздері мұндағы одақтастардың айтарлықтай мазасыздануларына себеп болды. Гаагаға жиналғандар осы тұста альянстың бірлікте екенін таныту, Трамптың басын украин мәселесімен қатырмау және әскери шығындарға қатысты оның айтқан ұсыныстарын қабылдауға дайын екендерін айғақтау деп аталатын үш мәселесін ұстануға бел шешіп тұр еді.
Күн басталған шақта НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте журналистер алдына Володимир Зеленськиймен бірге шықты. Украина президенті барынша қысқа сөйлеп, қолдау мен қаржылай көмек көрсетіп отырғаны үшін Батысқа әртүрлі нұсқада алғыс айтты.
Рютте Зеленськийге қарата сөйлегенде, оның украин тіліндегі атымен «Володимир» деп атап отырды. Ол «еуропалық және канадалық» одақтастардың Украинаға 25 млрд еуродан астам қаржы бергелі тұрғанын еске түсіріп өтті. Бұл тізімде АҚШ болған жоқ.
«Бұл былтырғыдан көп. Бүкіл өткен жыл бойына 50 миллиардтан көп болды. Қазір, шілденің басында 35 миллиардқа жетіп отыр. Олай болса, жылдық соманың өткен жылғыдан көп артық шығатынын батыл болжап айта беруімізге болады. Мен саммиттің қорытынды декларациясының бүге-шігесін айтып бере алмаймын, бірақ онда Украинаға қолдау көрсету, соның ішінде қаржылай жәрдем беру тұрғысындағы маңызды тармақтардың болатынын сеніммен айта аламын», – деді Рютте.
Рютте өзінің сөзіне одақтастардың мақсаттарының бірі Украинаны «Владимир Владимирович Путин ешқашан қайтадан шаршы шақырым жерін басып ала алуға ұмтылыс жасай алмайтындай» дәрежеде күшті етіп шығару болып отырғанын қосты.






