Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Зеленський «Путинге арналған трибунал» құрылуына келісім береді

КИЕВ. 25 маусым. Украин лидері Володимир Зеленський «Путиннің басқыншылық қылмыстары үшін арнайы трибунал құрылуына қол қоятын болады. Бұл туралы  The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина президенті Зеленський Еуроодақтың бас хатшысы Берсемен бірге Украинаға қарсы агрессия қылмысы жөнінде арнайы трибунал құрылуына келісім беру үшін Страсбургке жол тартады.

«Украина президенті Володимир Зеленський мен Еуропа кеңесінің бас хатшысы Ален Берсе 25 маусым, сәрсенбі күні Страсбургте Украинаға қарсы жасалған агрессиялық қылмыстың арнайы трибунал жөніндегі келісімге қол қояды», – делінген Еуропа кеңесінің баспасөз қызметінің парақшасында.

Еуропа кеңесінің министрлер кеңесі негізіне арнайы трибунал жататын құқықтық құжаттар дайындаумен ұзақ уақыт айналысты. Ол украин билігі осы жөнінде ұсыныс білдірген уақыттан бастап қолға алынды.

Еуропа кеңесінің министрлер кеңесі кеңейтілген жеке келісімді жасау жөніндегі дайындық жұмыстарын толық аяқтады. Бұл жұмыстар Еуропа кеңесіне мүше барлық елдерге, оның құрамына кірмейтін мемлекеттерге, сондай-ақ Еуроодаққа арнайы трибуналды қолдауға және оны басқаруға көмектесуге мүмкіндік береді.

«Агрессиялық қылмысты қарау үшін бірінші рет арнайы халықаралық трибунал құрылғалы тұр», – деді Берсе.

Украинаға қарсы агрессия қылмысы жөніндегі арнайы РФ-ның жоғары лауазымды тұлғаларының соңдарына түсу мандаты бойынша трибунал Еуропа кеңесі шеңберінде әрекет ететін болады. Басқа мемлекетке қарсы әскери қару қолдану жөніндегі шешім агрессия қылмысына жатады, ол БҰҰ-ның Жарғысын бұзу болып табылады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button