Стармер: Путин не десе де, біз Украинаға қару беруді кідіртпейміз

ЛОНДОН. 20 наурыз. Ұлыбритания Мәскеудің талап етуіне қарамастан, бітім кезінде батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізіп тұруды тоқтатпайтынын баяндады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Британ үкіметі ресейлік диктатор Владимир Путиннің болуы ықтимал 30 күндік бітімгершілік мерзімінде Украинаға батыс қару-жарағын жеткізуді тоқтату жөніндегі табанды талабын орындай алмайтындарын мәлімдеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Лондон Киевке әскери көмек көрсетуді жалғастыра беретіін жеткізді.
«Біз әрқашан Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастырамыз», – деді премьер-министр БАҚ өкілдерімен сұхбатында.
Үкімет басшысы журналистердің «Біріккен Корольдік Кремльдің әскери көмек көрсетуді тоқтату туралы табанды талабымен келісе ала ма?» деген сауалына жауап бере отырып, Британия тарапының көзқарасы «барлық сценарийлермен үндесіп кете беретінін» баса айтты.
Бұл ретте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның украиналық әріптесі Володимир Зеленськийдің телефон арқылы сөйлесуінен кейін Уашингтон мен Киевтің арасында барлау ақпараттарының алмасуы қайта жалғасатынын тәкпір етті.
Оның айтуынша, президенттер «өзара керемет» әңгімелескен. Трамптың баспасөз хатшысы сондай-ақ АҚШ президентінің Украинадағы соғысты қалайда тоқтатуға «бекінгенін» қайталады.
Мұның алдында Володимир Зеленський Ресейдің бітімге келетін уақыт жақындағанына қарамастан, Сумы облысының тұсына әскери күштерді шоғырландырып жатқанын әңгімелген еді. Оның ойынша, Путин бітімгершілік мерзімін алдағы үлкен шайқасқа тыңғылықты дайындалуға арнайды, сырттан қаруды да үйіп-төгіп алады, әскерлерді де дислокация жасайды, ол соғыстан бас тартайын деп отырған жоқ.