Бокс: Елдана Тәліпова әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды (видео)

БЕЛГРАД. 17 наурыз. Сербияның Ниш қаласында түн ортасы ауа мәреге жеткен бокстан әйелдер арасындағы чемпионатында Елдана Тәліпова күміс медальді қанағат тұтты. Бұл туралы vesti.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Түн ортасы ауа рингке шыққан аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Жөңге елінің өкілі Илян Чжанға есе жіберіп алды. Сөйтіп, қытайлық спортшыдан 1:4 есебімен ұтылды.
Бұл біздің 81 келіден ауыр салмақтағы атлетіміздің дебюттік чемпионаты еді.
Еске сала кетейік, чемпионаттың финалында 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай чемпион атанып, тарихи жеңіске жетті. Ол қазақстандық боксшылар арасынан бірінші болып әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Даңқты атлетті осы ұлы жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді 50 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова алып берді.
Бұдан кейін даңқ тұғырына 63 келіге дейінгі салмақтағы Аида Әбікеева көтерілді.
Бұған дейін күміс медальді Виктория Графеева (60 кг) өз еншісіне жазды. Ол финалда ресейлік Нуне Асатряннан 0:5 есебімен ұтылып қалды.