Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Өзбекстанда тұмылдырықсыз жүргендерге айыппұл салынуда

ТАШКЕНТ. 27 наурыз. Өзбекстанда қоғамдық орындарда тұмылдырықсыз жүргендерге салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

Енді елде қоғамдық орындарда тұмылдырық кимей жүре беретіндерге салынатын айыппұл бес есептік көлемге жеткізіліп, ол 1 115 000 сум ($117) болды.

Ереже кеше президент Шавкат Мирзиёев қол қойған «Қылмыстық және әкімгершілік жауапкершілік Кодекстерінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында айтылды.

Айта кетейік, 23 наурыз күні бүкіл Өзбекстанда көшеде тұмылдырықсыз жүруге тыйым салынған болатын. 25 наурыздан бастап оған 1 базалық есептік көлемде, яғни 223 мың сум ($23) айыппұл белгіленді. Тәртіп бұзу қайталанған жағдайда айыппұл арттырылып, 669 мың сумға ($70) жеткізілді. Ал бір күннен кейін ереже баптары заңға енгізіліп, жаза күшейе түсті.

Бұдан алдын хабарланғандай, Ташкентте бір тәуліктің ішінде тұмылдырықсыз жүрген 66 адамға айыппұл салынған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button