Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Трамп Украинаны «проблемаға» бөктірмекші болып қорқытып отыр

УАШИНГТОН. 22 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина қазба байлықтар жөніндегі келісімнен бас тартса, проблеманың астында қалатынын айтып қорқытты. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамп АҚШ Украинаға 300 миллиард доллар көмек көрсетті деп санайды, бірақ мұнысы шындыққа сәйкес келмейді.

«Украина қазба байлықтар жөніндегі келісімге қол қоймаса, «проблемаларға» тап болады». АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осылай деді. Оның айтуынша, Еуропа Украинаға тегін көмек емес, несие түрінде көмектескен.

«Біз Еуропадан үш есе көп ақша салдық. Бергеніміз 300 миллиард доллар болады. Ал олар 100 миллиард доллар ғана жіберді. Ал сіздер білесіз бе, Еуропа да мұны несие ретінде жасап жатыр. Байден ақшаны жай ғана бере салды. Несие болған жоқ. Кепіл болған жоқ. Ештеңе болған жоқ»., – деді Трамп.

Америка президенті Украина өз ресурстарын беру туралы келісімге қол қоюы керектігін баса айтты.

«Сондықтан не келісімге қол қоямыз, не бізде олармен арада көп проблема туындайды. <…> Біз қазынамызды өзімізден өте алыстағы қайдағы бір елге жұмсадық. Бұл жақсы. Бірақ бізге ол Еуропа сияқты қарауы керек. Еуропа өз ақшасын қайтарады», – деді ол.

Бұған дейін UNIAN хабарлағандай, Украина президенті Володимир Зеленьский «Америка бірнеше жүз миллиард долларлық көмек көрсетті» дегенді жоққа шығарды. Оның айтуынша, соғыс басталғалы бері Украинаға барлығы 320 миллиард доллар ақша келді, оның – 200 миллиарды АҚШ пен ЕО-ның көмегі. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары Украинаға шамамен 67 миллиард долларлық қару-жарақ және жеке бағдарламалар үшін бюджетке тағы 31,5 миллиард доллар тікелей қаржылыө көмек көрсетті.

«Новини України» басылымы мәнбесінің хабарлауынша, АҚШ ресурстарды басқару үшін қор құруды және оның 100% меншігін өзі алғысы келеді.

Украина бұл қорға өзінің қазба байлықтарын өндіруден түсетін кіріс түрінде 500 миллиард доллар аударуы керек.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button