Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Кремль Трамп жариялаған келіссөздің екінші раундын жоққа шығарды

МӘСКЕУ. 23 ақпан. Ресей Трамп жариялаған Әр-Риадтағы келіссөздердің екінші раунды өтетініне аяқ астынан күмән келтірді. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамп бұдан бұрын 25 ақпанда, сейсенбі күні Сауд Арабиясында өтеді деп жариялап қойған АҚШ-Ресей кездесуінің болмайтынын мәлімдеді.

Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамп жарнамалап жіберген Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату туралы келіссөздердің екінші раунды өте қоятынына күмән келтірді.

Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков жексенбі күні ресейлік үгіт-насихаттық бұқаралық ақпарат құралдарына берген түсіндірмесінде аталған күнге Америка-Ресей кездесуі жоспарланбағанын баяндады.

«Мен мұны растай алмаймын. Әр-Риадта ешқандай кездесу дайындалып жатқан жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын Euronews ресурсы C-Span желісіндегі мәлімдемеге сілтеме жасай отырып, АҚШ лидері Дональд Трамп 25 ақпанда Әр-Риадта АҚШ пен Ресей делегацияларының екінші кездесуі өтетінін жариялағанын хабарлаған болатын.

Алайда Ақ үй бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button