Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Bild: Трамп Путинмен келісімге келу үшін әскерін әкетуі мүмкін

БРЮССЕЛЬ. 20 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ диктаторы Владимир Путинмен тіл табысу үшін Еуропадан әскерін әкететін шығар. Бұл туралы ВВС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа елдерінің барлау қызметтері АҚШ әскерлерінің кәрі құрлықтан шығарылуы ықтимал екенін баяндады. Осыған байланысты Еуроодақ елеулі алаңдаушылық білдіруде.

Аты аталмаған Шығыс Еуропа елі қауіпсіздік шенеуніктерінің бірі Bild басылымына берген сұхбатында бұған Владимир Путиннің 2021 жылы қойған талаптары себеп болғанын айтты. Сол кезде Путин 1990 жылдан кейін альянсқа қосылған НАТО-ның барлық елдерінен Америка әскерлерін  шығаруды талап еткен болатын. Еуропа қазір Дональд Трамп осы сценарийді жүзеге асыруға келісуі мүмкін деп қауіптенеді.

Bild басылымына сұхбат берген әскери сарапшылар АҚШ әскерінің Шығыс Еуропадан шығарылуы аймақтағы жағдайдың күрт нашарлауына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Америкалық бөлімшелер шығарылған жағдайда Ресей армиясы, олардың пікірінше, Балтық елдерінде өз ықпалын күшейтуге тырысады, сондай-ақ Польшамен әскери қақтығыс тудырады. Мәтбұғат сұхбаттастары Ресеймен шекаралас мемлекеттер үшін америкалық әскерилердің болуы олардың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің басты факторы болатынын атап көрсетеді.

Италия билігі де осы алаңдаушылыққа келіседі. Рүм Америка әскерлерінің Косоводан шығарылу мүмкіндігіне алаңдаулы, бұл Балқандағы жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін. Неміс дипломаттары Bild-ке берген сұхбатында бұлай болуы «әбден мүмкін» екенін жоққа шығармады.

Бұған дейін Financial Times газеті Дональд Трамп Путиннің өтінішін қанағаттандырып, Балтық жағалауы елдерінен әскерін шығаруы мүмкін деп қауіптенетін еуропалық шенеуніктердің алаңдаушылығын жазған болатын. Бұл қадам, НАТО-ның бірқатар мемлекеттері басшылығының пікірінше, Еуропаны Ресей агрессиясының алдында әлсіздендіруі мүмкін. Бұл болжамдарға қарағанда, Украинаның сыртында ауқымды қақтығыстарға дайындалып жатқан Ресей армиясы АҚШ-тың Еуропадағы позициясының осал болған сәтін пайдаланып қалуы мүмкін.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button