Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Британия парламенті билікті Украинаға әскер жіберуге шақырды

ЛОНДОН. 15 ақпан. Ұлыбритания парламенті Трамп пен Путиннің телефон арқылы сөйлескенінен кейін Украинаға әскер жіберу керектігін алға тартты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Британ парламенті Трамп пен Путиннің Украинаға қатысты сөйлескендерінен кейін талқылаулар өткізді.

Ұлыбритания парламентінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей диктаторы Владимир Путиннің телефон арқылы өзара мәміле жасасқандарына байланысты Украинаға британ әскерін жіберу туралы шұғыл пікірталас өткізді.

Либерал-демократиялық партия жетекшісі Эд Дэви өз сөзінде егер Украина өз егемендігін Ресейге беруге мәжбүр болса, мұның 1945 жылы Польшаға жасалғаннан кейінгі ең зор сатқындық болып шығатынын айтты.

«Менің ойымша, біздің бәріміз қазір мұның соңы қайда апаруы мүмкін екенін және оның өз қорғанысымыз бен қауіпсіздігіміз үшін қаншалықты қауіп әкелетінін ойлаудан қорқамыз. Олай болса, премьер-министр біздің палатаны өзінің және еуропалық лидерлердің президент Володимир Зеленьскийге Украинаны мүмкіндігінше күшті позицияда ұстап тұруды қамтамасыз ететіндеріне уәде бере ала ма?», – деді депутат.

Бұған жауап ретінде премьер-министр Кейр Стармер Лондонның ұстанымы Украинаның барынша күшті жағдайда болуын қамтамасыз ету екенін сөз етті. Талқылауға Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Риши Сунак та қатысты. Оның айтуынша, қандайда бір бейбіт келісім жасалған жағдайда да британдық тарап пен еуропалық елдер тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін өздерініің Украинаны «құрлықта, әуеде және теңізде» қорғап тұруларын қамтамасыз етулері керек.

Сунак кейінірек Лондонның Украинаға әскери қолдау көрсету және әскер апарып қоюда инициативаны өз қолуына алуы керек екенін атап өтті.

Суретте: Риши Сунак

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button