9 Шілде, 08:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ пен РФ соғысқа байланысты сепаратистік келіссөз жүргізеді

17 Ақпан 2025 00:05
- Жаңалықтар, Жаһан
АҚШ пен РФ соғысқа байланысты сепаратистік келіссөз жүргізеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 16 ақпан. АҚШ пен Ресей алдағы күндері Сауд Арабиясында Украина жөнінде өзара сепаратистік келіссөздерін бастайды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жақын күндері Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей өкілдері Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын қарастыруға арналған кездесу өткізеді. Америка мәнбелеріне сілтеме жасап Reuters және Politico ганеттіктері осының жайын тарқатып баяндады.

Мәліметтерге қарағанда, оңаша жолығысуға АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Ақ үйдің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Виткофф қатысады. АҚШ палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Майкл МакКол мұны растады. Ал келіссөзге Ресей жақтан кімдердің қатысатыны хақындағы мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр.

МакКолдың айтуынша, кездесудің басты мақсаттарының бірі ақыр түбінде АҚШ президенті Дональд Трамптың, Ресей президенті Владимир Путиннің және Украина президенті Володимир Зеленьскийдің қатысуымен саммит ұйымдастыру болмақ көрінеді. Politico атын атамаған украин шенеунігі Сауд Арабиясында жоспарланған келіссөздер туралы хабар Киев үшін күтпеген жаңалық болған, сондықтан Киев қазір онда делегация жіберуді жоспарлап отырған жоқ.

14 ақпанда Германияда АҚШ вице-президенті Джэй Ди Вэнспен кездескен Украина президенті Володимир Зеленьский Киевтің бұл кездесуге шақырылмағанын айтты. Дегенмен, ол Украинаның стратегиялық серіктестерімен алдын ала кеңесіп алмай, Ресеймен келіссөз үстелі басында отырмайтынын баяндады. «Трамп маған Путиннің соғысты тоқтатқысы келетінін жеткізді. Мен оған: «Путин – барып тұрған өтірікші адам. Сіз оған қысым көрсетерсіз деп үміттенемін, өйткені мен оған сенбеймін» дедім», – деді Украина президенті.

Politico басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясындағы келіссөзге Еуроодақ елдерінің өкілдерін шақыру да жоспарда болмапты. «Сондықтан бұл мәселе енді АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарының ашуын тудыруы мүмкін, олар бұған дейін Трамптан өздерінің келіссөзге қатысуын қамтамасыз етуін өтінген болатын», – деп атап өтті мәтбұғат.

Бір күн бұрын, 15 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы сөйлескен екен.

Кремль тарапының осыған қатысты мәлімдемесінде екеуінің қазіргі халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы соғысты аяқтау жөнінде пікір алмасқандары айтылады.

 

Таңбалар: АмерикаРесейсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды
Жаңалықтар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

07.07.2026
Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Бас баған

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist