Зеленьский өзінің Путинмен кездесуіне қажетті шартты атады

МЮНХЕН. 14 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский РФ диктаторы Владимир Путинмен қандай жағдайда кездесуге келісетінін ашып айтты. Бұл туралы DonPress ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Зеленьский Америка президенті Дональд Трамппен және Еуропа одағымен бірлескен жоспар жасап алғаннан кейін ғана Ресей басшымен кездесуге баратынын мәлімдеді. Ол мұны бүгін Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік жөніндегі конференция кезінде айтты.
«Бәлкім, әлдеқандай бір жалған ақпараттардың элементтері бар шығар, мүмкін оны ресейліктер көтеріп, таратып жіберген шығар. Мұндай әрекеттер біздің бірлігімізді бұзуы ықтимал. Мысалы, мен Сауд Арабиясына, БАӘ-ге бара аламын, менде ондай жоспар бар. Біздің де өз күн тәртібіміз бар», – деді украин лидері.
Зеленьскийдің сөзіне қарағанда, Ресейден украин балаларын Украинаға қайтаруға тап осы БАӘ көмектескен. Ол сонымен бірге ресейліктермен кездесуді қаламайтынын білдірді.
«Мен бір ғана ресейлікпен – Путинмен тек біздің Трамппен, Еуропамен ортақ жоспарымыз жасалғаннан кейін кездесемін, біз Путинмен бірге отырып, соғысты тоқтатамыз. Тек сол жағдайда ғана мен кездесуге дайынмын», – деді Зеленьский.
Қазіргі сәтте Украинаның Ресеймен бейбіт келісім жасасуы жайлы әңгіме айтудың өзі артық. Мюнхенде украин лидері мұны қазір өздерінің АҚШ-тың қолдауына қардар болып отырғанымен түсіндірді. Ақ үймен келісіп алмай, ештеңе жасауға болмайды.