17 Қазан, 23:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бірінші вице-премьер Қызылорда жылу-электр орталығына барды

14 Ақпан 2025 18:12
- Жаңалықтар, Тіршілік
Бірінші вице-премьер Қызылорда жылу-электр орталығына барды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа жылу-электр орталығының құрылысымен, шыны зауытының жұмысымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында бүгінде өңірдің энергетика саласының даму қарқыны жоғары.

Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы бой көтеріп келеді. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды.  Жаңа жылу-электр орталығы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі. Ол іске қосылғанда өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады. Өңір үшін айрықша маңызға ие нысан биыл ел игілігіне беріледі.

«Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытындағы жаңа желінің жұмысы да қарқынды. Зауытта жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға экспортталады. Бүгінде онда 366 маман жұмыс істейді, оның 269-ы – қазақстандық, 97-сі – шетелдік. Өткен жылы шыны зауыты ішінен энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылған болатын. Қытайлық инвестор алдағы уақытта 2 кезеңге жоспарланған жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Бірінші кезеңде, яғни 2026 жылы жылына 200 мың тонна кварц құмын өңдейтін цех, екінші кезең – 2028 жылы тәулігіне 500 тонна күн фотоэлектрлік шыны өндірісі ашылады.

Еске сала кетейік, облыста негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды. Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен жүргізілген жұмыстардың арқасында 2024 жылдың 9 айында 171 млн. доллар тікелей инвестиция тартылды. Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 37 млрд теңгенің 21 инвестициялық жобасы жүзеге асты. 2025-2029 жылдарға 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 65 инвестициялық жобасы межеленген.

Таңбалар: жылу орталығыҚызылордаРоман Скляршыны зауыты

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist