Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Вэнс: АҚШ Украинаға әскер ғана емес, ядролық қару да бере алады

УАШИНГТОН. 14 ақпан. АҚШ вице-президенті Джэй Ди Вэнс егер Путин келіссөз үстеліне отырмаса, Ресейдің жаңа санкцияларға тап болатынын айтты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Құрама Штаттар сол кезде Украинаға өз әскерлерін жіберуі де кәдік. Бұған дейін Ақ үй ондай жағдай болса, украин жеріне тек Еуропа елдері ғана әскери контингентін орналастыратынын баяндап келген еді.

Таяуда Джэй Ди Вэнс Украинаның бұрынғысында «егемен және тәуелсіз ел» болып қалуы тиіс екенін мәлімдеген болатын.

«Егер Путин келіссөздерден бас тартса, Американың өз сарбаздарын Украинаға жіберуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды», – деді Вэнс The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында.

АҚШ вице-президенті Пентагон басшысының бұдан алдын Украина жеріне Америка әскерлерін орналастыру мүмкіндігі туралы айтқанынан да қатқыл  мәлімдеме жасады. Ал Брюссельде АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Уашингтонның Украинаға әскер жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.

Бұған қоса, Breitbart News-ке берген сұхбатында АҚШ қорғаныс министрі Трамп рұқсат етсе, Украинаны ядролық қарумен қамтамасыз етуге де ниет бар екенін айтып салды.

Ол сондай-ақ НАТО-да Украинаға орны жоқ екенін де атап өтті. Ал Украина президенті Володимир Зеленьский әу бастан альянсқа толық мүшелік өткілері келетінін баяндады, олай болмаған жағдайда өздеріне қауіпсіздік кепілі ретінде ядролық қару беруді сұрады.

Бұл күні Пит Хегсет сонымен қатар Украинаны 1991 жылғы шекараларына қайта оралтудың бүгінгі күннің шындығында өте қиын болатынын да жеткізді.

Оның бұл мәлімдемесі Еуропаны айран-асыр етті. Сол күні британ парламенті алдағы келіссөздер процесі Киев үшін тиімсізз болып шықса, үкіметті Украинаға өз әскерін жіберуге шақырды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button