АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда көкөністі эскпорттауға тыйым салынды

АСТАНА. 25 наурыз. Қазақстанда көкөніс өнімдерін, ұнды және қарақұмықты экспортқа шығаруға тыйым салынды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

«Қазақстанда жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті азық-түлік қоры бар», деп атап көрсетеді басылым.

Көктемгі егіс жұмыстарыы жоспарлы жағдайда жүзеге асырылады. Биыл 22 млн гектардан астам алқапқа егін егілмекші, соның ішінде 165 мың гектар танапты көкөніс дақылдары алады. Бұл – өткен жылға қарағанда, едәуір көп. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәліметтер келтіріп отыр.

«Сонымен бірге, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елдерден сұраныстың көбеюіне байланысты, төтенше жағдайдың әрекет етер кезеңінде ауылшаруашылық қорымен қамтамасыз ету және оны сақтау мақсатында жоғары әлеуметтік мәні бар кейбір азық-түлік тауарларын экспорттауды шектеу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлайды ведомство.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің осыған байланысты берілген бұйрығында көкөніс өнімдерін, ұнды және қарақұмықты сыртқа шығаруға тыйым салынғаны айтылған. Бұл тауарларға әзірге ветеринарлық және фитосанитарлық сертификаттар берілмейді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button