Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент: Елдегі эпидемиялық ахуал бақылауда тұр

АСТАНА. 26 наурыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиялық ахуалдың бақылауда тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. ҚР

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс айтты. «Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», – деді Президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button