Елордада қоғамдық көлік тоқтатылуы мүмкін
АСТАНА. 25 наурыз. Еліміздің бас қаласында коронавирус тарауының жолын кесу мақсатында карантин кезінде қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтататылуы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, карантин салдарынан елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді.
CTS компаниясының мәліметінше, қалада коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесіне өзгерістер енеді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.
Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы «Қосшы», «Тайтөбе», «Жібек жолы», «Талапкер», «Қоянды», «Қызылсуат», «Ы. Алтынсарин», «Нұрлы» ауылдары секілді ауылдарға қатынайтын барлық бағыттар тоқтатылады. Бұларды №№301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326 маршрутты автобустар құрайды.
Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы «Ақмол», «Қабанбай батыр», «Р. Қошқарбаев», «Максимовка», «Воздвиженка», «Аршалы», «Жалтыркөл», «Софиевка», «Малотимофеевка» және «Шұбар» (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына жүретін автобустар тоқтатылды.
Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.
«Бүгінгі күні автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау – 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлемге өтуге кеңес беріледі. Барлық тариф жоспарларын және көлік карталарын біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантин қатаңдатылған жағдайда коронавирус жұқпасына қарсы жедел штаб қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселені көтеруі мүмкін», – деп атап өтеді компаниядан.