Путин бұрынғы КСРО аумағын түгел сатып алуды армандап отыр

КИЕВ. 1 ақпан. Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бірге бұрынғы КСРО-ның бүкіл аумағын сатып алуды амалын ойластырып қойыпты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украиналық әскери сарапшы Юрий Швец Кремль басшысының бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне қатысты қандай жоспары бар екенін ашып берді.
«Оның мақсаты – жабайы жағымпаздығы салдарынан беделінің шайқалып қалғанына қарамастан, Трамптың ықыласына ие болу. Мен сіздерге мұның қалай болғанын күн сайын дерлік сөзбе-сөз түсіндіріп бердім. Путин бәрін кері қайтарып алғысы келеді және Украинадағы ұрыс даласында қол жеткізе алмаған жерлерін енді келіссөз үстелінде алып қалуға үміт артып отыр», – деді ол.
Юрий Швец мұны өзінің YouTube арнасындағы өз блогында айтты.
«The Hill газетінде жарық көрген мақалаға қарағанда, Путиннің ендігі жоспары Трамппен Зеленьскийдің қатысуынсыз оңаша кездесіп, көп көлемде ақша ұсыну арқылы онымен ортақ келісімге келу болып тұр. Келісімнің мәнін «Соловьиный пометте» осы «пометтің» басты ұйымдастырушысы Владимир Соловьевтің өзі айтып қойды. Оның мәні Ресейдің негізінен Еуропа банктерінде қатырылып қойылған 300 млрд доллар ақшасын Америкаға (Трампқа) беріп, бұрынғы КСРО-ның Транснистрияға дейінгі бүкіл территориясын қайтарып алады, яғни Украина түгелімен Ресей территориясына айналады. Ол бәрін немесе бәрін дерлік өзіне қосып алады», – деді ол.
«Міне, бұл Путиннің қастерлі арманы еді, ол бұлай етуге болады деп есептейді. Путин өзін Трампты жақсы білемін деп ойлайды (РФ арнаулы қызметінде Трамптың психологиялық портретін жасап шығуға жеткілікті деректер бар). Есіңізде ме, Симоньян бір жолы бір нәрсені байқамай лақ еткізіп жіберді. Оның ойынша, егер Путин Трамппен жабық есік жағдайында кездесе қалар болса, оны қалайда өз дегеніне көндіріп, мәселені оңды шешіп қайтар еді. Бұған бек сенімді насихатшы Путиннің 300 млрд долларға Украинаны «сатып» алатынын абайсызда айтып қалды», – деп түсіндірді Юрий Швец.
Ал Ақ үй әкімшілігінің қызметкерлері Дональд Трамптың айтқан бетінен қайтайтынын, оның Владимир Путинжі тізерлетудің жолын таба алатынын айтып отыр. АҚШ-тың Украинадағы өкілі кеше өз президентінің мұндайға өте шебер екенін жеткізді. Бұл үшін ол Путинді де, Зеленьскийді де бір-біріне қарай бірер қадам жасауға мәжбүр еткелі тұрған сияқты. Шамасы, Украинаға Қырымды қалдырып, Донецк және Луганск облыстарының 2022 жылғы қаңтар айындағы шекараларына дейінгі аумағын алуды ұсынатын сияқты.