ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

АҚШ Өзбекстанның 975 азаматын шекарадан шығарып жібереді

ТАШКЕНТ. 1 ақпан. АҚШ-тан депортацияланатын Өзбекстан азаматтарының саны 975 адамды құрайды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Құрама Штаттардың иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) 2024 жылы қарашадағы есебінде осы деректер айтылған.

Қазір әртүрлі мемлекеттерден келген 1 445 549 шетелдік азаматты елден шығару жоспарланып отыр. Бұл тұлғалар әзірге құлып астында отырған жоқ, бірақ оларды өз елдеріне депортациялау жөніндегі шешім түпкілікті шығарылып қойылған. Олардың қатарында тіршілік етулерін әлдеөашан тоқтатқан КСРО мен Югославия да бар. Сол мемлекеттердің паспорттарымен жүрген азаматтар қазіргі таңда өз территорияларын алып жатқан мемлекеттерге депортацияланады.

Депортацияға ұшырағандардың арасында Мексика (252 044), Гватемала (253 413), Гондурас (261 651) және Сальвадор (203 822) азаматтары көш бастап тұр. Қытайдың 37 908 азаматы осы тізімге кірген. Штаттардан қуылатындар тізімінде Орталық Азия елдерінің азаматтары да жүр. Атап айтқанда Қазақстаннан – 369), Қырғызстаннан – 319, Тәжікстаннан – 149 және Түрікменстаннан 40 адам депортацияға ұшырайды.

Құрама Штаттарда құлып астына алынбаған құжатсыз иммигранттар саны 2021 жылғы 3,7 миллионнан 2022 жылы 4,8 миллионға дейін барған, ал 2023 жылы 7 миллионнан асты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button