Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

АҚШ тағы да ондаған ресейліктерді елден шығарып жіберді

УАШИНГТОН. 29 наурыз. АҚШ билігі кеше өз елінен тағы да ондаған Ресей азаматын шығарып тастады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Адам құқықтарын қорғаушылардың хабарлауынша, ондаған ресейлікті тасымалдаған арнайы рейс АҚШ-тан Каирге ұшып кеткен, содан кейін ұшақ Мәскеуге бағыт алады. Бұл – биылғы жылғы үшінші оқиға, ал 2025 жылдың жазынан бері жетінші мәрте қайталанып отыр.

Ресейліктердің тағы бір тобы депортациялық рейспен АҚШ-тан шғарылды. «Ресейдегі демократия үшін орыс Америкасы» жобасына сәйкес, ондаған ресейлік азаматты тасымалдаған ұшақ 28 наурыз, сенбі күні Ньюарктан (Нью-Джерси) ұшып шығып, Каирге келіп қонды. FlightAware деректері бойынша, депортацияланғандарды тасымалдаған ұшақ Мәскеудің Домодедово әуежайына бет алған.

«Ресейдегі демократия үшін орыс Америкасы» ұйымының мәліметі бойынша, Ресей азаматтары алдымен Луизианаға әкелінген, олар АҚШ-та орналасқан бес-алты иммиграциялық ұстау орталықтарынан жиналды. Хабарланғандай, депортацияланғандардың қатарына Ресейге жіберілмеуі тиіс адамдарды қосу көзделген. Жобаның Telegram арнасына сәйкес, адам құқықтарын қорғаушылардың араласуының, көптеген өтініштердің және адвокаттардың қатысуының арқасында кейбір ресейліктер рейстен шығарылып, АҚШ-та қалдырылды.

Басылым сонымен қатар адамдарды тергеу оқшаулағышынан әуежайға тасымалдау шарттары өте қатал болғанын хабарлайды. Мұны олар «Кісендеулі қалыптағы бірнеше сағаттық сапар, кейде бірнеше сағат отыруға мүмкіндіктің болмауы, еденде ұйықтау, адамға толы бөлмелерде қиналыспен енді не болатынын күту» деп сипаттады.

АҚШ Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде иммиграциялық саясатын қатаңдатты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button