Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

«Путин, соғысты тоқтат, болмаса Украинаға сұрағанын береміз»

УАШИНГТОН. 23 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Путинге «соғысты тоқтат, әйтпесе біз Зеленьскийге керегінің бәрін береміз» деді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамптың өтпелі кезеңдегі тобының жетекшісі болған, қазір оның кеңесшісі аталып жүрген Роберт Уилки болашақта Уашингтон саясатының негізі қандай болатынын Владимир Путинге жеткізіп, Украинаға бірнеше сигнал тастады.

Қайта сайланған президент Дональд Трамптың сайлау алдындағы өтпелі кезеңіндегі командасының жетекшісі, сондай-ақ қазір Пентагонның басшысы лауазымына ең басты мүдуар болып отырған Роберт Уилки ВВС агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің ықтимал позициялары жайлы айдан анық сипаттар беріп тастады.

Құрама Штаттар қарулы күштерінің ықтимал қолбасшысы соның ішінде әлем кеңістігіне мынадай сигналдар жіберді:

  1. Путинге: Украинадағы басқыншылық соғысыңды тоқтап, әйтпесе Уашинггон Украина президенті Володимир Зеленьскийге қажет деп тапқан қару-жарақтарының бәрін береді, сондай-ақ АҚШ РФ-ны таза тақырға отырғызып, бүкіл мемлекетті банкрот ету үшін өзінің барлық экономикалық қуатын іске қосады.
  2. Одақтастарға: Қорғаныс үшін бюджеттің кемінде 3 пайызын жұмсаулары қажет. Мұндай қадам, әсіресе, Германия, Британия және Франция үшін аса маңызды.
  3. Украина басшылығына: агрессорға қарсылық көрсетуді табысты жалғастыра түсу үшін 18-25 жастағыларды мобилизация жасау қажет.
Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button