Трамп әріптестерінен Украинаға беретін қаржыны көбейтуді өтінді
![](https://rast.kz/wp-content/uploads/donal-d-tramp3-1-780x436.jpg)
УАШИНГТОН. 23 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дағы әріптестерінен Украинаға жұмсалатын ақша көлемін көбейтуді талап етті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастарының Украинаға бөліп отырған қаражатының Уашингтон беріп отырған ақшамен мүлде сәйкес келмейтініне наразылық білдірді. Ол АҚШ-тың Киевке қолдау көрсетуге жіберген ақшасы альянсқа мүше елдердің бәрінің бөлгенінен 200 миллиард долларға артық екенін ауызға алды.
Оның айтуынша, альянс мемлекеттері қорғанысқа қарастырылатын шығынды жалпы ішкі өнімнің бес пайызына дейін көтеруге тиіс.
Мұның алдында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеме жасап, АҚШ билігі басына Трамптың келуіне байланысты Еуропа елдері Украинаға әскери көмек көрсетуде жетекші рөл атқаруға тиіс екенін айтып еді. Ол Ресеймен барынша ыңғайлы да басым жағдайда келіссөз жүргізу үшін Украина президенті Володимир Зеленьскийге көмек көрсетуді күшейте түсу қажет екенін айтты. Стармер сондай-ақ Еуропа елдерінде Киевке көмек көрсетуді арттырудың ортақ консенсусы бар екеніне тоқталды.
Өз кезегінде Трамп өзінің сайлау алдында президент лауазымына кіріскесін Украинадағы соғысты бір тәуліктің ішінде тоқтатыны жөнінде берген уәдесіне түсіндірме берді, «Біз бұған мүмкіндігінше тез қол жеткізуге тырысамыз. Бұл үшін ештеңеден тайынбаймыз», – деді ол.
Трамп мұнымен бірге Ресей мен Украина арасындағы бұл соғыс дәсәуілгіден басталмауы тиіс екеніне назар аударды. Оның айтуынша, сол кезде өзі АҚШ-та президент болып тұрған болса, бұған жол берілмеген болар еді.