Трамптың кеңесшісі: Ресей экономикасы талқандалғалы тұр

УАШИНГТОН. 23 қаңтар. АҚШ президентінің кеңесшісі Роберт Уилки әлемге арзан мұнайды қаптатып жіберіп, Ресей экономикасын «банкрот» ететіндерін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Американың жаңа әкімшілігі Ресей экономикасының негізгі – энергетика секторына жасалып келген қысымды айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.
Ол елге экспорт кірістерінің жартысынан астамын құрап, бюджетті әрбір төртінші рубльмен қамтамасыз етіп келе жатыр еді.
«Егер Владимир Путин Украина жөнінде келісімге келмесе, АҚШ әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді күрт арттырып, оның бағасын барреліне 40 долларға дейін және одан да төмен түсіреді», деді Трамптың кеңесшісі Роберт Уилки BBC радиосына берген сұхбатында.
«АҚШ-тың әлемдік мұнай нарығына араласуы бағаны күрт төмендетеді және бұл Ресей экономикасын банкротқа ұшыратады. сөйтіп, Путиннің соғыс экономикасына күйрете соққы береді», деді ол.
Уилки сондай-ақ америкалық сұйылтылған газдың Еуропаға жеткізілімі ұлғайтылғалы жатқанын айтты. Америкалық СТГ компаниясы қазірдің өзінде нарықтың 70 пайызын қамтып отыр, ал кейбір елдерде, мысалы, бұл Германияда шамамен 90 пайыз болады.
Сайлау науқаны кезінде Трамп «Бұрғыла, балақай, бұрғыла!» ұранымен АҚШ-та мұнай мен газ өндіруді кең ауқыммен кеңейтуді ұрандатқан болатын. Ол елдегі мұнай өндіру 15 пайызға немесе тәулігіне 3 миллион баррельге артады деп уәде берді. Бұл – Ресейдің танкермен тасымалдап жүрген қазіргі мұнай экспортының 100 пайызға жабатын көлем.
Трамп мұнай өндірушілерге федералды жерлер мен теңіз кеңістігін беруді жоспарлап отырғанын, соның ішінде мұнайға бай штаттарда, ең алдымен Аляска мен Техаста, сондай-ақ Мексика шығанағында бұрғылауға рұқсат беруді жоспарлап отырғанын айтты. Бұған қоса, Джо Байден енгізген жаңа құбырларды салуға тыйым салуы мен СТГ экспортына шектеулерін алып тастады.
Инаугурациядан кейін халыққа арнап сөйлеген сөзінде Дональд Трамп егер Кремль жүздеген мың адамның өмірлерін жұлып әкеткен және қазіргі әлемдегі ең ірі қақтығыс болып табылатын соғысты тоқтатуға келіспесе, Ресейдің барлық тауарларына толық эмбарго салумен бірге, санкциялардың күшейтілетінін мәлімдеді.