Рубио: Келіссөз барысында Ресейдің агрессор екенін ескереміз

УАШИНГТОН. 21 қаңтар. АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадағы соғыста Ресейдің басқыншы екенін, келіссөз негізіне осы алынатынын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей бұл соғыста агрессор», – деді АҚШ-тың жаңа тағайындалған мемлекеттік хатшысы Марко Рубио. Ол келіссөздерге негіз болатын кілтті атады.
«Киев пен Мәскеу соғысты тоқтату үшін ымыраға келуі керек», – деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио.
Оның пікірінше, тек соғысушы тараптардың ымыраға келуі арқылы ғана Украинадағы соғысты тоқтатуға болады.
Рубио жаңа лауазымына бекітілгеннен кейін бірден Украинадағы соғыс тақырыбы жайлы жазып жататын америкалық баспасөз тілшімісен сөйлесті.
«Трамп алғашында Украинадағы соғысты тезірек аяқтағысы келетінін айтқан болатын. Алайда уақытты Путинмен жеке кездесуден кейін ғана талқылауға болады», деді АҚШ президенті сосын.
Қазір Уашингтон мен Мәскеу мұндай кездесудің ықтимал орнын, күні мен уақытын талқылап жатыр.
Бұдан кейін мемлекеттік хатшы соғысты тоқтату процесінің өзі жылдам болмайтынын, келіссөз барысында шайқасып жатқан екі тараптың да бір немесе басқа мәселеде шегініс жасауларына тура келетінін мәлімдеді.
Рубио Трамптың алғашында әлемдегі барлық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату ұранымен сайлауға түскенін, бірақ уақыт шеңбері туралы айту әлі ерте екенін атап өтті. Украинада екі жақтың ешқайсысы өз мақсатына жеткен жоқ, яғни бейбітшілікке жету үшін келіссөз үстеліне отырып, шегініс жасау керек.
Рубио бұл шегіністерге қатысты мәселенің жай-жапсарын талдап айтып беруден, сондай-ақ Киев пен Мәскеуді не жөнінде бір-біріне жол берулері керектігін атап көрсетуден бас тартты, алайда, табысқа жетудің басты кілті дипломатияда жатқанына назар аударуды ұмытпады.
Бүкіл келіссөз процесі көпшілік форумдары негізінде емес, дипломатия арқылы жүргізілетін болады. Алайда ақырғы шешімді тек қана Мәскеу мен Киев қабылдайды.
Рубио тағы да оның мерзімі жайында ештеңе айтпады, бірақ Трамп үшін Украинадағы соғысты аяқтау халықаралық аренадағы бірінші кезектері міндет болып отырғанын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы бұл соғыста Ресейдің агрессор болып табылатынын, келіссөзде де осы мәртебе ескерілетінін, сонымен бірге соғысты қалайда тоқтату қажеттігін мәлімдеді.