Трамп АҚШ-тың басқа елдерге көмектесуін 90 күнге дейін тоқтатты

УАШИНГТОН. 21 қазан. АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп басқа елдерге көмек көрсетуді 90 күнге дейін тоқтатуға шешім шығарды. Бұл туралы AP ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ассошейд Пресс агенттігінің хабарлауынша, 20 қаңтарда қызметіне кіріскен АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың басқа елдерге көмек көрсету бағдарламаларын 90 күнге уақытша тоқтату туралы жарлыққа қол қойған.
Енді көмектің жаңа әкімшіліктің саяси мақсаттарына сәйкестігін анықтау үшін тексеру жүргізіледі.
«Енді Құрама Штаттар президентінің сыртқы саясатына толық мөлшерде сәйкес келмейтін жағдайларға бұдан әрі ешқандай да шетелдік жәрдем көрсетілмейді», – деп мәлімдеді Дональд Трамп.
Агенттік Украинаға қолдау көрсету сияқты ерекше мәселелерді қоспағанда, жалпы АҚШ-тың сыртқы көмегі бюджеттің 1 пайызынан аспайтынын атап өтеді. 9 қаңтарда Мемлекеттік департамент Ресейдің әскери операциясы басталғаннан бері Киевке әскери көмекке шамамен 66 миллиард доллар, ал 2014 жылдан бері шамамен 70 миллиард доллар бөлінгенін баяндады.
AP мәліметінше, АҚШ-тың басқа да негізгі көмегін алушыларға Израиль (жылына 3,3 миллиард доллар), Мысыр (жылына 1,5 миллиард доллар) және Иордания (жылына 1,7 миллиард доллар) кіреді. «Көмек оларға ұзақ мерзімді бағдарламалардың бір бөлігі ретінде бөлінеді, сондықтан Трамптың жарлығы оларға айтарлықтай әсер етуі екіталай», деп атап өтті агенттік.