Трамп: Путин Украина жөнінде келісімге келмесе, Ресейді құртады
УАШИНГТОН. 21 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысты келісімге келіспесе, Ресейді құртып тынатынын айтты. Бұл туралы CNN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Путин өзінің Украинадағы істері «онша жақсы болмай жатқанына» қуана қоймасы анық», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп. Оның сөзінше, Украина президенті Володимир Зеленьский де соғысты аяқтау үшін келісім жасасқанды қалайды.
20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріскен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде келісім жасасудан бас тартса, Ресей үлкен қиындықтарға тап болатынын мәлімдеді.
«Ол мәмілеге келуі керек. Мен ол осы кезге дейін келісімге келмей, Ресейді босқа құртып жатыр деп ойлаймын», – деді Трамп 20 қаңтар, дүйсенбі күні кешке журналистер алдында сөйлеген сөзінде. «Менің ойымша, Ресейді үлкен қиындықтар күтіп тұр», – дегенді қосты ол.
«Путин өзінің Украинадағы істері «онша жақсы болмай жатқанына» қуана қоймасы анық, – деді Дональд Трамп. – Мен оның күші сарқылып келе жатқаны жайында айтып тұрмын. Жұрттың көбі соғыс бір аптаның ішінде аяқтала салады деп ойлайды, ал оның жүріп жатқанына апта да, ай да емес, үш жыл болды».
Оның сөзінше, Украина президенті Володимир Зеленьский де соғысты аяқтау үшін келісім жасасқанды қалайды.
FP агенттігі осыған орай «бұрын Путинді қатты қолпаштап, оған ризашылық білдіріп келген Трамптың оған деген әдеттен тыс сыни позициясы» қалыптасқанына тоқталды.
Трамп Ресейдің соғыс салдарынан тап болып отырған проблемалары жайында айта келіп, бұл елдегі ауыр экономикалық ахуалды, соның ішінде жоғары инфляцияны атады. Ол өз кезегінде Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты аяқтаудың әртүрлі варианттары турасында пікір алмасқысы келетінін мәлімдеді. Шынтуайттап келгенде, бұл соғыс созыла берсе, Ресейді біржола құртып тынады.
Трамп сондай-ақ өзімен кездескен кезінде Украина президенті Володимир Зеленьскийдің де соғысты тезірек аяқтауға мүдделі болып отырғанын әңгімеледі. «Зеленьский ымыраға келуге дайын» деді ол. Тек ол өз елінің 1991 жылға дейінгі территориясын сақтап қалуды қайта-қайта алға шығарып отыр.
Журналистердің сайлау алды науқан кезінде уәде бергеніндей, Украинадағы соғысты 24 сағаттың ішінде тоқтатуы жөніндегі сұрақтарына Трамп екі ұшты жауап берді. Ол бұл үшін өзінің алдында «әлі жарты күн барын» әзілдеп айтып алып, сол мақсатқа жету жолында аянбайтынын сөз етті. «Біз мұны барынша тез жасауға тырысамыз. Білесіздер ме, Украина мен Ресейдің арасындағы бұл соғыс тіпті ешқашан болмауға тиіс еді», – деді Дональд Трамп. Ол мұның астарында бір ғана диктатордың амбициясы ғана жатқанын осылай меңзеп өтті.