Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин инаугурациясы күні Трампқа соғысты тоқтататынын айтты

МӘСКЕУ. 20 қаңтар. Ресей диктаторы Владимир Путин Дональд Трампты АҚШ президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, Украинамен  арада қысқа мерзімді бітім емес, «ұзақ мерзімді бейбітшілік» болғанын қалайтынын айтты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей Федерациясының агрессор президенті Владимир Путин өзінің қалталық деңгейдегі Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кезекті жедел кеңес өткізіп, онда Мәскеудің «диалогқа ашық» екенін және АҚШ-тың жаңа басшылығы мәлімдемелерінен тікелей байланыстарды қалпына келтіруге ұмтылысын көретінін мәлімдеді. Ол Дональд Ресеймен арада үшінші дүниежүзілік соғысты болдырмайды, дегенге тоқтады.

Путин ресми Уашингтонның мұндай көңіл күйін «құптайтынын» мәлімдеп, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты лауазымына кірісуімен құттықтады.

Кремль көсемі сондай-ақ «Украинадағы қақтығыс» бойынша диалогқа ашық екенін айтты, бірақ сонымен бірге бұл «қақтығыстың түпкі себептерін жою» қажет, яғни Ресей президенті өзінің соғысқа себепкер болғанын мойындаудан бас тартады және бұл қазірдің өзінде айта алады.

«Мақсат қысқа мерзімдік бітім жасасу немесе жанжалды жалғастыру үшін  әлдеқандай тыныс алу мерзіміне қол жеткізе тұру емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік», – деп атап өтті Путин.

Диктатор сондай-ақ Ресейдің бұл үдеріс, яғни бейбіт келіссөз барысында «Ресей халқының мүддесі үшін шайқасып бағатынын» мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button