Ресей мен Зимбабве медицинаны бірлесіп дамытуға келісті

МӘСКЕУ. 20 қаңтар. Ресей мен Зимбабве үкіметтері денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тараптар тиісті біліммен және технологиялармен алмасуға, бірлескен зерттеулермен жүргізуге, оның ішінде түрлі ауруларды емдеуге ниеттілік танытты. Құжатқа Мәскеуде өткен кездесу барысында екі елдің денсаулық сақтау министрлері Михаил Мурашко мен Дуглас Момбешора қол қойды.
Ресей ведомствосы атап өткендей, келісім шеңберінде Зимбабвеге медициналық өнімдерді жеткізу мен оларды өндірудің ықтималдылығын ұйымдастыру көзделеді. Сонымен қатар, дәулеттер кадрлар даярлаудағы ынтымақтастықты жалғастырады.
Зимбабве әлемдегі ең кедей елдердің біріне жатады, ол ВОЗ мәліметтеріне сәйкес, денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындары жөнінен ең төменгі орындардың бірінен табылады, оның мөлшері жалпы ішкі өнімнің 2,8 пайызын немесе жылына адам басына 63 доллардан келеді. Елде таза ауыз судың жоқтығынан, сондай-ақ қоқыс пен кәріз жүйелерінің проблемалары салдарынан тырысқақ ауруы жиі белең алып тұрады.
Зимбабведе Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ – ВИЧ) жұқпалы кеселінің таралуы да өте жоғары, қазір мұнда 1,3 млн адам есепте тұр.
Осыған байланысты елдегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы төмен, ол 49 жастың шамасында. 2023 жылы елде 100 мың тұрғынға шаққанда, АИТВ-инфекциясының 98 жаңа жағдайы тіркелді. Ресейде бұл көрсеткіш 2,6 есе төмен (38 жағдай). Дегенмен, елдің жекелеген аймақтарын алатын болсақ, көрсеткіштің жоғары аймақтары да бар. Мысалы, Чукоткада 100 мың адамға шаққанда 102 АИТВ-инфекциясы анықталған, Кемер облысында – 80, Иркут облысы мен Алтай өлкесінде – 75-тен астам. Жалпы, Ресейде 1,2 миллионға жуық адам иммун тапшылығы вирусы диагнозымен өмір сүруде.