Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев спортшылық мансабын аяқтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қаңтар. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев спортшылық мансабымен қош айтысты. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов пен Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев аса ауыр салмақтағы Қамшыбектің рингке оралуы екіталай екенін айтқан болатын. Енді бұл ақпарат расталып отыр.

Еске сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында жеңілгелі бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Қазір оның салмағында (+92 кг) Айбек Оралбай ел намысын қорғап жүр.

Қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада жүлдесінен бөлек, екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button