Өзбекстан мен Әзербайжан одақтас мемлекеттер болу жөнінде келісімге келді
ТАШКЕНТ. 29 тамыз. Өзбекстан мен Әзербайжан бүгін өзара одақтас қарым-қатынастағы мемлекеттер болу жөнінде уағдаластық жасасты. Бұл туралы Kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Өзбекстен президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев одақтастық қарым-қатынас жөніндегі келісімшартқа қол қойып, Ташкентте өткен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысының қорытындысы бойынша шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қол қойылған құжаттардың арасында еңбек іс-әрекеті және азаматтар құқықтарын қорғау туралы үкімет аралық келісім, сыртқы істер министрліктері арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы, 2024-2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық «жол картасы» және басқалар бар.
Бұдан бөлек, тараптар туризм, инновация, құқықтану, сондай-ақ сот жүйесі салаларына қатысты құжаттарға да қол қойды.