Украина Қарулы күштері Ресейдің «Кавказ» портын талқандап тастады
МӘСКЕУ. 22 тамыз. Ресей мәнбелері Украина армиясының Краснодар өлкесіндегі «Кавказ» портына ракетамен соққы бергенін жазып жатыр. Бұл туралы SHOT telegram-арнасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейлік пабликтер Украина Қарулы күштерінің «Нептундармен» Ресейдің «Кавказ» портының тас-талқанын шығарғанын атап өтті.
РФ-ның Краснодар өлкесіндегі «Кавказ» портында бейсенбі күні кең ауқымды өрттің лаулап жанғаны белгілі болды. Ресейлік таблоидтар оның украин армиясының ракетамен берген соққыларынан кейін лау ете түскенін баяндады.
Мәселен, Baza Чушка мойнағында орналасқан бірнеше дизель цистернасы бар «Конро Трейдер» теміржол паромының атқыланғанын жазады.
Өз кезегінде SNOT telegram-арнасы паромды украинның «Нептун» зымыраны қиратқанын атап өтеді.
Сондай-ақ Керчь бұғазына салынған көпірдегі қозғалыстың тоқтағаны да айтылуда. Жау басып алған Қырым түбегінде әуе дабылы қағылған.
«Жазылушылар хабарлап жатқандай, «Кавказ» портындағы паромда алдымен дизель цистерналары жарыла бастаған. Видеода жарылыстың дауысы Керчьке дейін естілуде», – делінген «Крымский ветер» telegram-арнасының хабарламасында.
Dialog.UA бұдан бұрын хабарлағандай, Ростов түбіндегі мұнай базасы бес күннен бері жанып жатыр. Оған украин дронлары 18 тамызда шабуыл жасаған болатын.
Бүдан бөлек, желіде Волгоград облысының Мариновка аэродромында 22 тамызға қараған түні жарылыс орын алғанын көрсететін кадрлар жарияланған.