Дариға Назарбаева отбасымен бірге құны 52,6 млн теңгелік кешке қатысқан
КАНН. 22 тамыз. Бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаева отбасының 6 мүшесімен бірге француздың Канн қаласында бағасы қымбат кештің жүруімен көзге түсті. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның отбасы Канн қаласында (Франция) өткен кеште көзге түсті», – делінген хабарламада.
Дариғаның жанына ұлын, келінін және немерелерін ертіп, кеште жүрген сәті түсірілген видео Telegram-арналардың біріне жарияланған. Онда Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Аланның Канн қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады.
Ашық мәнбелердің дерегінше, шараға қатысудың өзі арзанға түспеген. Кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің 6 адамы жүр. Демек, Дариға Назарбаева отбасының 6 мүшесі қатысқан бұл шара оларға 52,6 миллион теңгеге түскен болуы мүмкін.
Канн қаласындағы Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы Château de La Croix des Gardes in Cannes жеке ғимаратында өткен.
Кешті Голливуд жұлдызы Шэрон Стоун ұйымдастырған.
Қайырымдылық шарасы Монаконың қазіргі кінәзі Grace Kelly құрметіне ұйымдастырылған.
Ондағы аукционда қымбат лоттар ойнатылған.