Украина әскерлерін Плехово тұрғындары «Слава Украине!» деп қарсы алды
КИЕВ. 14 тамыз. Ресейдің Курск облысындағы Плехово елді мекенінің тұрғындары Украина Қарулы күштерін «Слава Украине!» деп жаппай шулап қарсы алды. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Қазір Украина әскерилері күн сайын Курск облысында жаңа елді мекендерді басып алып жатыр.
Оның дәлелі 13-14 тамызда Плеховоны басып алған кездерінде көрініс берді. 13 тамызда Украина Қарулы күштерінің Курск облысындағы Плеховоны өзінің бақылауына алғанын айғақтайтын видео тарады. Желіде Украина Қарулы күштерінің аталмыш селоға қарай бара жатқан механикаландырылған ротасы топтары түсірілген сюжет жарияланды. Атап айтқанда, «Dnipro OSINT з Гарбузом» telegram-арнасы бронды машинаның кабинасынан жазып алынған видеоны көрсетті.
Видеода украин солдаттарының Курск облысындағы Плехово елді мекеніне кіріп бара жатқандары, олардың кез келген уақытта жау шабуылын қайтаруға дайын екендері көрінеді. Ал бір үйдің жанынан сол сәтте мас күйде теңселіп жүрген ресейлік азамат шыға келеді.
Жазбадан жергілікті тұрғындардың украин жауынгерлерін «Слава Украиине!» деп айғайлап қарсы алып жатқандары анық естіліп тұр.
14 тамызда «Слуги народа» партиясының халық депутаты мен Украина әскери барлау комитеті басшысының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау жөніндегі орынбасары Юрий Мосягин өз telegram-арнасында украин солдаттарының Плеховодан түсірген суреттерін жариялады.
Бүгін сондай-ақ украин әскерлері Черкасская Конопелька селосын да басып алғаны хабарланды.