Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Париж-2024: Боксшы Назым Қызайбай жартылай финалға шықты (видео)

ПАРИЖ. 3 тамыз. Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай (суретте) бүгін кезекті қарсыласын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қазақстанның әйелдер арасындағы құрамасының 50 келіге дейінгі салмақтағы саңлағы, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай бүгін ширек финалда колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викториямен жұдырықтасқан болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді. Жалпы есепте ол 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта Назым Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.

Ширек финалдық шайқасынан кейін Назым оған қатысты өз ойын білдірді.

«Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым. Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды. Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы.Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламы», – деп жазды ол.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button