Бауыржан Исламхан клубының жеңуіне көмектесті
АЛМАТЫ. 28 ақпан. Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан кеше өз командасының кезекті жеңіске жетуіне көмектесті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Әл-Айн» клубының «Хаттамен» ойынында алаңға шығып, екі рет нәтижелі пас берді.
Кездесу Хатта қаласында өтті. Ол 3:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Меймандар 50 және 69-минуттарда Бауыржанның доп жеткізіп беруімен алаң иелерінің қақпасына гол салды. Бұдан кейін жеңімпаз жасақ матч бітуге 2 минут қалған кезде есепті ұлғайта түсті.
Бауыржан алаңға старттық құрамда шықты. Ол бүгінгі күнге дейін араб клубының сапында чемпионаттың төрт матчына қатысып үлгерді, тағы бір ойынды БАӘ президенті Кубогы үшін және екі ойынды АФК Чемпиондар лигасында өткізді.
Әзірге өзі гол салған жоқ.