Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Париж-2024: 27 шілдеде Қазақстан спортшылары сапынан кімдер өнер көрсетеді?

ПАРИЖ. 27 шілде. Париждегі XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарда еліміздің бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларының есімдері белгілі болды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің мағлұматынша, 27 шілде, сенбі күні қазақстандық саңлақтар спорттың 8 түрі бойынша сайысады.

Сонымен, ең алдымен жарыс жолына шығатындар қатарын академиялық ескек есуші Владислав Яковлев бастайды. Ол Астана уақытымен сағат 09:00-13:10 аралығында өтетін М1Х бағдарламасы бойынша іріктеу сынағына қатысады.

Осы шамада, сағат 09:00-13:45 аралығында нысана көздеушілер сап түзейді. Олардың арасында Ирина Юнусметова пневматикалық тапаншадан 10 метр жерден нысана көздеп, іріктеу сайысын өткереді.

Дзюдошылар сағат 10:00-14:00 аралығында іріктеу белдесулерін өткізсе, 16:00-19:00 шамасында жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерін жүргізеді. Олардың арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) бар. Бұлардың біріншісі алғашқы іріктеу сынағында израильдік Сара Ришонимен, екіншісі тегі картвель нидерландтық Торнике Чкадуамен айқасады.

Бадминтоншы Дмитрий Панарин сағат 14:00-де басталатын іріктеу сайысына қатысады.

Спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңді сағат 18:30-да «Хабар» арнасынан көре аласыздар:

көпсайыс – Милад Карими;

ат снаряды – Нариман Курбанов.

Велоспорттан жекелей сындағы жарыстың финалында Евгений Федоров сайысқа түседі.

Теннис:

Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00,

Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00.

Үстел теннисі:

Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокстан 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық былғары қолғап шебері Ойер Ибареччемен кездеседі. Оны Астана уақыты бойынша 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де «Хабар» арнасының эфирінен көруге болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button