Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Баходир Жалолов әуесқойдан кәсіпқойлар боксына өткенін мәлімдеді

ПАРИЖ. 11 тамыз. Париж рингінде өзбекстандық Баходир Жалолов испаниялық Аюб Гадфамен өткен финалдық кездесуінен соң өзінің әуесқойлар аренасынан кеткенін ресми түрде жария етті. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Парижде мәресіне жеткен XXXIII Олимпиялық ойындарда екінші мәрте Олимп шыңына шыққаннан кейін өзінің маңызды шешімге келіп, әуесқойлар сапынан кәсіпқойлар қатарына біржола өткенін баяндады. Ол Олимпиададағы соңғы шайқасынан кейін үстіндегі лыпасын шешіп, оны рингте қалдырып кетті.

«Инша Алла, кәсіпқой бокста әлемнің абсолютті чемпионы атанып, жалпы жұрттың сенімін ақтаймын», – деді ол.

Атап өтеміз, Баходир соңғы үш Олимпиадаға – Рио-2016-ға, Токио-2020-ға және Париж-2024-ке қатысып, Жапония мен Франциядағы Олимпиялық ойындар турнирлерінде екі мәрте жеңіске жетті. Ол сондай-ақ әлемнің екі дүркін чемпионы болып саналады.

Мәлімет үшін айта кетейік, бұл жазғы Олимпиялық ойындарда Өзбекстан бокс құрамасы 5 алтын медальді қоржынға түсіріп, спорттың осы түрінен жалпы командалық есепте бірінші орынды егеленді.

 

Хабардың түпнұқасы (өзбек тілінде оқығысы келетіндер үшін) мынау:

Баҳодир Жалолов ҳаваскордан профессионал боксга ўтганини эълон қилди

Париж-2024 бокс баҳсларининг сўнгги финал учрашуви Баҳодир Жалолов ва испаниялик Аюб Гадфа ўртасида бўлиб ўтгач, ўзбекистонлик боксчи муҳим қарорини расман эълон қилди.

Баҳодир Жалолов икки карра Олимпиада чемпиони бўлгач, ҳаваскор боксдан профессионалга ўтганини маълум қилди. У Олимпиададаги сўнгги жангидан кейин либосини ечиб, рингда қолдирди.

«ИншаАллоҳ, профи боксда ҳам мутлақ жаҳон чемпиони бўламан ва барчанинг ишончини оқлайман», – деди у.

Эслатиб ўтамиз, Баҳодир сўнгги учта Олимпиада – Рио-2016, Токио-2020 ва Париж-2024да иштирок этиб, Япония ва Франциядаги турнирда икки карра Олимпия Ўйинлари ғолибига айланди. У шунингдек, икки карра жаҳон чемпиони саналади.

Маълумот учун, Ёзги Олимпия ўйинларида Ўзбекистон бокс жамоаси 5 та олтин медал қўлга киритиб, ушбу спорт турида умумжамоа ҳисобида 1-ўринни эгаллади.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button