Майқайың шахтасына түсіп кеткен үшінші адамның денесі шығарылды
ПАВЛОДАР. 19 шілде. Павлодар облысындағы Майқайың шахтасына түсіп кеткен үшінші адамның денесі жарты жылдан кейін табылды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды, ол 4 қаңтарда «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған.
Бұдан бұрын 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған. Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін сканері бар «Алтыналмас» АҚ мамандары тартылды. Сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың 12 метр тереңдікте орналасқандығы анықталды.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды.
Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 адамның мәйітін тауып, жер бетіне шығарған болатын.