18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20 Шілде 2024 12:49
- Жаңалықтар, Тіршілік
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 20 шілде. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың өз жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтіні белгілі болды. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жайын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков баяндады.

«Сотталған азамат таяу арада Астанаға жақын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіледі», –  деді ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанада өзінің меншігіндегі BAU ресторанында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірген еді. Сол оқиғадан 2 күн кейін күдікті қамауға алынды. Артынша осы қанды оқиғаны дер кезінде тиісті органдарға хабарламағаны, қайта оны жасыруға тырысқаны үшін күдіктіңің жақын інісі Бақытжан Байжанов та қамалды.

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат отырған.

13 мамырда Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңында Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Таңбалар: жазаколонияҚуандық Бишімбаевсот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ
Жаңалықтар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

02.09.2026
Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist