Париж Олимпиялық ойындарында қазақстандық төрешілер де қазылық етеді
АСТАНА. 17 шілде. Париж Олимпиадасындағы спорттық турнирлерде қазылық ететін арбитрлар арасында қазақстандық төоешілер командасы да бар. Бұл туралы Offside.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеті Парижде 2024 жылы өтетін XXXIII Олимпиялық ойындарға дайындықты Қазақстан төрешілері де бастап кеткенін баяндады. Олардың қазылық етулері бірқатар спорт жарыстарының нәтижелерін белгілеуге тікелей әсер етеді.
Қазіргі таңда Франция астанасында Қазақстанның 12 арбитрінің жұмыс істейтіні белгілі болып отыр.
Республикадан аталмыш Ойындарға шақыру алғандар арасында мына мамандар бар:
Алуа Бектұрова (көркем гимнастика)
Ольга Соловьева (ауыр атлетика)
Әлия Кәрімова (әртістк суда жүзу)
Юлия Игнатченко, Меруерт Кәукеева (теннис)
Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика)
Евгений Дьякокин (семсерлесу, қылыштасу)
Евгений Михеев (баскетбол)
Ерік Жұмабеков, Игорь Лигай (күрес)
Әлішер Алтаев, Ермек Сүйеніш (бокс).
ХОК Олимпиялық ойындарда төрешілік ету арбитрлардан дайындықтың жоғары деңгейін талап ететін атап өтті. Халықаралық федерациялар оған іріктеп алуды өте мұқият та қатаң түрде жүргізіп, төрешілер корпусындағы ең үзіктерді таңдап алады.
Қазақстандық төреші Тимур Әмірбеков осымен өзінің төртінші Олимпиадасына бара жатыр.
Еске сала кетейік, XXXIII жазғы Олимпиялық ойындар Парижде 2024 жылғы 26 шілдедег 11 тамызға дейінгі аралықта өтеді. Оған 200-ден астам елден 10 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олимпиада атлеттер спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы үшін сайысқа түседі.